Күй күмбірі
Наурыз – қазақ халқы мен Азияның көптеген халықтарының басты мерекесі. Әрдайым жарқын, шуақты қуанышты «Наурыз» мерекесі «көктемнің тууы» деген мағынаны білдіреді. Әр уақытта Наурызда өткізілетін мерекелік іс-шаралар, халықтық мерекелеу, ұлттық ойындар, домбыраның күмбірлеген үнімен сүйемелденеді. Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы. Сондықтан өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін жалғастыруы керек.